Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы
15
февраль
2019

Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігі апталығы

Мектебімізде 11.02.19-15.02.19 аралығында «Сүйіне білсең табиғат, сұлулыққа тұнып тұр» тақырыбында өткізілген биология және химия пәндер апталығы. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.                                

Апталықтың мақсаты: биология және химия сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, суреттер сайысы, викториналар, сыныптан тыс іс- шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апта ағымында 5-11сыныптар арасында «Туған өлкем – қандай көркем» атты суреттер бәйгесі өтті. Сонымен қатар, сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.

Биология пәні мұғалімі  Акаева А.М. 7-8-сыныптар арасында «Экологическое ассорти» интеллектуалды ойынын, химия және биология пәні мұғалімдері Жиренчина Д.Е., Сулейменова Г.Т. «Экологиялық викториналық конкурстар, сөзжұмбақтар» сайысын ұйымдастырып, адамзаттың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға шақыру мақсатында көңілді іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар, жаратылыстану әдістемелік бірлестігіндегі әр мұғалім өздерінің кезекті ашық сынып сағаттарын өткізді. Биология  пән мұғалімі Жиренчина Д.Е. биология пәнінен «Эволюциялық идеялардың дамуы. Эволюция дәлелдемелерінің тарауы» атты қорытынды ашық сабақты пилоттық бағдарлама аясында   өзін-өзі тану сабағымен кіріктіріп өткізсе, химия пәні мұғалімі Сулейменова Г.Т. 8 «Ә» сыныбында «Chemical bonds, Covalent   bonds   and  Electronegativity» тақырыбында химияны ағылшын тілімен кіріктіріп оқыту барысында кезекті сабағын жоғары деңгейде өткізді.                                     

Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен,сыйлықтармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.