Елжанды ұрпақтар тәрбиесі » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2017

Елжанды ұрпақтар тәрбиесі

Елжанды ұрпақтар тәрбиесі


      «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»
 «Жас Ұлан» ұйымы өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Осындай патриоттықты оқушыларымыздың бойына сіңіру мақсатында, ағымдағы жылдың 14-желтоқсан күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті. Мектебіміздің 2-3 сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданды. Осындай құрметке ие болған бүлдіршіндеріміздің кеуделеріне төсбелгілер тағылды. 
    «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданған бүлдіршіндеріміздің бір дауыспен айтылған ұрандары баршамыздың бойымызға патриоттық сезім ұялатқандай болды. Осындай тарихи маңызы бар кезенде оқушыларымыздың мектеп алдында АНТ беріп,жүрек тебірентер сәттеріне куә болған мектеп басшылығы және құрметті қонақтар Дюсупжанова З.С, Каровина Т.В, Пяткова Т.Н. секілді ардагер ұстаздарымыз және Аудандық білім бөлімінің әдіскері Сағындық Д.В, «Нұр Отан» партиясының өкілі. Садыкова Ж.Т секілді баршамызға үлгі болар тұлғалар «Жас Қыран» қатарына қабылданған оқушыларымызға ақ тілектермен шашу шашса,
6 «Ә» «Шығыс Ұландары» сыныбы барша көрермендерге жырдан шашу шашты. 
    Бала бойынан ұлт жандылық сезімін оятып кішкентай жүректерінің Қазақстан деп соғатынын ұқтырған сәттің мәңгілікке естерінде қалып, сонымен қатар өте жауапты сәт екенін бала жүректері сезінгендей болды.Ұйым қатарына оқушыларды қабылдай отырып, біздердің алға қойған мақсатымыз–қандай да бір жақсы істерге ұйтқы болу Ендеше, алдағы уақытта «Жас ұлан» ұйымының атқарар міндеті зор болмақ.




         

Мектеп тілшісі: Сейтханова Шұғыла.