«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім күні салтанатты түрде аталып өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім күні салтанатты түрде аталып өтті
01
сентябрь
2019

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім күні салтанатты түрде аталып өтті

«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты Білім күні салтанатты түрде аталып өтті.


2019-2020 оқу жылында 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде мектепке қабылдау, олардың  білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға көңілдері бал-бұл жанған бүлдіршіндеріміз тағы бір жаңа оқу жылын бастауға бір кісідей жиналды. Болашақтарынан  көп үміт күткен ата-аналар да бұл салтанаттың  куәсі болды. 

Арнайы ат басын бұрып келген   қонақтарымыз Жарма ауданыны әкімінің орынбасары Е.А.Бексұлтанов, мектебіміздің қамқоршылық  кеңесінің төрайымы Ж.Т.Садыкова,  ардагер ұстаздар Е.И.Ксенофонтова  мен Б.З.Баукеновалар ұстаздар қауымы мен алғаш мектеп табылдырығын аттаған бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Мектеп директоры Н.М.Садыкова  құттықтау сөз сөйлеп, сөз соңында  ардагер ұстаз, Қ.Р «Білім беру ісінің үздігі» Е.И.Ксенофонтоваға Жарма ауданының 90 жылдығына орай, «Жарма ауданының дамуына қосқан үлесі үшін»  медальін табыстады. 

Мерекеге биылғы мектеп бітіргелі отырған түлектеріміз де құр қол келмеді. Соңдарынан ерген бауыр-інілеріне  алғашқы қадамдарына сәттілік тілеп, сыйлықтарын табыстаса, Алиева Дильназ  өзінің әсем әнін  көпшілік назарына ұсынды.

Алғашқы қоңырау соғу салтанаты мектебіміздің ардагер ұстазы Е.И.Ксенофонтоваға және 1 сыныпқа келген оқушыларымыз Болатбекұлы Нұрмұхамет пен Бекмұрат Жанеркеге беріліп, қоңырау сыңғыры   тағы бір жаңа оқу жылын бастап та кетті.

Ұстаздар қауымына табандылық пен   шығармашылық табыс тілесек, оқушыларға дарынды деген атқа лайық, биктен көрінетін білім иегерлері болыңдар дей келе,   бүлдіршіндерге алар асуларың көп болсын, сәттілік дегіміз келеді.

Қош келдіңіздер!