Семинар болып өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2019

Семинар болып өтті

Семинар болып өтті


Қаңтардың 31 жұлдызы күні  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің  ұжымымен  «ҚР ДСМ ҚДС Комитеті ШҚО  ҚДС   департаментінің Жарма  аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ-нің жетекші маманы Мукашева Анар Айтказиновна «Қызылша, тұмау ауруларының белгілері, асқынулары және олардың алдын алу шаралары» атты семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты: жұқпалы аурулардың алдын алу, болдырмау аясындағы жұмыстардың жүргізілуін көпшілік назарына ұсыну, тарату болды.

Семинар барысында  жетекші маманның ауызша  берген мағлұматтарымен қоса, видеокөрсетілімдері  көпшілік назарына ұсынылды. 

Ұжым мүшелері  семинардан ауқымды мағлұмат алып қана қоймай, сонымен қатар  отбасы мүшелерін  аурудан  сақтау   шараларымен толықтай таныс болды. «Ауырып ем іздегенше,  ауырмайтын жол ізде»,- деп  айтқандай, аурудың алдын алудың жолын іздейік.