Жеткіншектерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жеткіншектерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
08
июнь
2022

Жеткіншектерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Каратэнің кәсіби ортада танымал, бірақ көпшілік үшін беймәлім бір тармағы бар және ол «киокушинкай каратэ». Бұл спорт түрі елімізде кең тараған. Бүгінде аудан, ауыл орталықтарында тынбай жұмыс жасайтын аталмыш спорт түріне арналған секциялардың жетістіктері де аз емес. Жүлдегерлер қатарында республикалық, облыстық турнирлердің саңылақтары бар.
Жақында жігерлілік пен шыдамдылықты талап ететін спорт түрінен Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Б.Тұрлыханов атындағы спорт кешенінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы аймақтық  ашық турнирі өтті. «Жауынгерлік өнер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен өткен турнирге Жарма ауданының спортшыларымен бірге Өскемен, Семей, Риддер қалаларының командалары да қатысты. Сынға түскен 210 спортшының қатарында  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің жас жеткіншектері де бар. Түрлі жас ерекшеліктерінде бақ сынасқан  Бритнер Настя, Айтказин Ерсултан, Бурахан Султанкелді, Серікқан Бексұлтан және Болатбеков Алижандар (жаттықтырушы  Амангелды Мақсат) ақтық сында тамаша іскерліктерін көрсетіп, жалпы ұпай жинау  есебінде жүлделі орындарға ие болды. І-орын алған  Бурахан Султанкелді, ІІ-орын алған Серікқан Бексұлтан, ІІІ-орын Бритнер Настя, Айтказин Ерсултан мен Болатбеков Алижандай  жігіттерімізді тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!