Биологиядан облыстық олимпиада өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2019

Биологиядан облыстық олимпиада өтті

Биологиядан облыстық олимпиада болып өтті.


Сәуір айының 27 жұлдызында  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен «Биология» пәні бойынша VІІІ Облытық Олимпиадасы болып өтті. Облыс аудандарынан екі жүзге жуық   қатысушылардың арасында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нен 11 сынып оқушылары да бақ сынасты. Деңгейлік жүйе бойынша берілген тапсырмалар орындалып, оқушылар білім дәрежелерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің 11 сынып оқушысы Шарипова Гүлнұр жүлделі ІІ орын иегері атанып, диплом, ақшалай сыйлық алса,  Азатұлы Ерхат ұйымдастырушылар тарапынан  дипломы және ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Біз жоғары білім дәрежесін көрсеткен оқушыларымызды мақтан тұтамыз.