«Үздік олимпиадалық команда - 2020» номинациясы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Үздік олимпиадалық команда - 2020» номинациясы
10
январь
2020

«Үздік олимпиадалық команда - 2020» номинациясы

2019 жылдың желтоқсан айының 5-10 жұлдызында 8-11 сынып  аралығында екі кезеңді қамтитын аудандық пән олимпиадасы өткізілді. 

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ бойынша 52 оқушы қатысып, 22 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыстық пән олимпиадасына жолдама алды. 

Атап айтсақ, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінен 10-сынып оқушысы Мацевич Анастасия – І орын, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және әдебиетінен 11-сынып оқушысы Жұмағали Линура - ІІ орын, орыс тілі және әдебиеті орыс сыныптарынан   11-сынып оқушысы Аскербекова  Алуа – І орын, 10-сынып оқушысы Мартыненко Надежда - ІІ орын және 9-сынып оқушысы Кайрамбаева Лия – ІІІ орын, ағылшын тілінен 8-сынып оқушысы Тимурұлы Дарын – ІІІ орын, физика пәнінен 10-сынып оқушысы Айдаболов Ернұр – І орын, 9-сынып оқушысы Каирбаева Лимара – І орын, математикадан 11-сынып оқушысы Сейткамалова Мөлдір – ІІІ орын, 9-сынып оқушысы Рауаянова Еркежан - І орын, география пәнінен 11-сынып оқушысы Алпамысова Айсұлу – ІІІ орын, 10-сынып оқушысы Ағзамова Дания – ІІІ орын, биология пәнінен 10-сынып оқушысы Құмарбек Аяулым – ІІІ орын, 9-сынып оқушысы Жангазина Айым – І орын, 8-сынып оқушысы Алпамысов Жантемір – ІІІ орын, химия пәнінен 9-сынып оқушысы Жандарбек Еркежан – ІІІ орын, өзін-өзі тану пәнінен 11-сынып оқушысы Ахметов Қуаныш – І орын, 9-сынып оқушысы Бритнер Алена – І орын және 8-сынып оқушысы Садыков Тамерлан – ІІ орынды иеленді.  

Аталған оқушылар аудан мектептері арасында топты жарып шығып, І орын иегерлері облыста мектеп намысын қолдан бермей, нәтижесінде Маяковский орта мектебінің командасы «Үздік олимпиадалық команда - 2020» номинациясында І орын алғаны үшін аудандық Білім бөлімінің басшысы Қ.Шаймуратовтың  сертификатымен марапатталды. 

Алдағы уақытта мектеп ұжымына толағай табыстар тілейміз!