«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» байқауы туралы ақпарат » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» байқауы туралы ақпарат
29
февраль
2020

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2020» байқауы туралы ақпарат

      Шығармашылықпен жұмыс істейтін,  кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген  ұстаздарды анықтау мақсатында «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 2020 жылдың 29-ақпан күні   «ҮЗДІК  ПЕДАГОГ -   2020»  байқауы өткізілді. Байқауға әр әдістемелік бірлестіктен еңбек өтілі 3 жылдан жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. Байқау 2 кезеңде өткізілді. Байқаудың І сырттай кезеңінде мұғалімдер портфолио, «Мұғалім қандай болу керек?» тақырыбында эссе, «Білім берудегі менің инновациям» тақырыбында пән бойынша 40 минуттық   бейне – сабақ жазбасын және сабақ әзірлемесін ұсынды. Байқаудың ІІ кезеңі мектептің акт залында өткізілді. І бөлімде қатысушылар «Менің педагогикалық ұстанымым» тақырыбында өздерінің таныстыруын қорғады. Байқаудың келесі бөлімінде мұғалімдер «Менің жүрегімдегі мектеп»  тақырыбында бейнероликті қорғау. Байқаудық қорытындысы бойынша даярлық топ тәрбиешісі Сейтханова А.М. – «Зерттеуші ұстаз» номинациясымен, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Рамиева Ж.Д. – «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен, ағылшын тілі пәні мұғалімі Айткенова Н.Д. – «Эрудит ұстаз» номинациясымен, орыс тілі пәні мұғалімі Мухамеджанова Г.К. - «Жаңашыл мұғалім» номинациясымен, тарих пәні мұғалімі Омарова У.Ж. – «Әдіскер – мұғалім» номинациясымен марапатталса, жүлделі ІІІ орынды қазақ тілі пәні мұғалімі Қалмақбаева Г.Е. иеленді, ІІ орынды бастауыш сынып мұғалімі Қуанышбекова Г.Қ. иеленді, І орынды және «Үздік педагог - 2019» атағына физика пәні мұғалімі Тажиева Айгерім Сакеновна ие болды. Жүлдегерлер мектептің кәсіподақ ұйымының атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталды.