«Педагог-психолог миссиясы» онлайн-олимпиадасы жеңімпазы » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Педагог-психолог миссиясы» онлайн-олимпиадасы жеңімпазы
01
май
2020

«Педагог-психолог миссиясы» онлайн-олимпиадасы жеңімпазы


    «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 11 «Ә» сынып оқушысы Алпамысова Айсулу  облыстық «Педагог-психолог миссиясы» онлайн-олимпиадасына қатысты

Бұл іс-шараның мақсаты – дарынды студенттерді анықтау, дамыту және қолдау, студенттердің ғылыми жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру.       С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 10-11 сынып оқушыларына арналған «Педагог-психолог миссиясы» интеллектуалды және шығармашылық олимпиаданың екінші кезеңі Zoom платформасы арқылы (қашықтан) өтті. Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының барлық аймақтарынан 27 оқушы қатысты. «Педагог-психолог миссиясы» онлайн-олимпиадасы үш кезеңнен тұрды.   Бірінші  кезеңде «Балаға мейірімді мектеп» эссе жазу.  Екінші кезең «Педагогика және психология әлемі» ғылыми-зерттеу жобасын қорғау. Үшінші кезеңі онлайн тест тапсырды. Осы үш кезеңнен биік мақсаты үшін   сүрінбей өтіп  бас жүлдені – 11 «Ә» сынып оқушысы Алпамысова Айсулу иеленді. Қолдау көрсетіп бағыт берген жетекшісі – Омарова Умут Жармухаметовна  тарих пәнінің мұғалімі.  Айсұлу Алпамысованы бірінші курста тегін білім алу құқығын беретін ШҚМУ ректорының білім грантына ұсынылды. Белсенді қатысып, жоғары білім деңгейін көрсеткен Алпамысова Айсулуды  шын жүректен құттықтаймыз!!!