Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті
01
февраль
2019

Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті

Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы болып өтті


Қаңтардың  30 жұлдызы күні «Қамқоршылар кеңесінің» кезекті отырысы болып өтті. Кеңес төрайымы Садыкова Ж.Т отырысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер:

  1. «Қамқорлық акциясына қатысу туралы» 
  2. Ата-аналарға арналған педагогикалық жалпыға бірдей білім беру.
  3. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мен құқықбұзушылықтың алдын алу. 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Сагимбаев И.С акцияның мақсатымен таныстырып, акцияға қатысқан ата-аналарды, оқушыларды, жекелеме демеушілер тарапынан көрсетілген көмектің жалпы сомасын айтып өтті. 

Директордың   оқу ісі-жөніндегі орынбасары Траиспаева А.А өз кезегінде ата-аналарға арналған педагогикалық жалпыға бірдей білім беру үрдісінің заман талабына сай жүргізілуі, осыған орай қойылатын талаптар мен міндеттерге баса назар аудару, білім мен тәрбиенің ерекшеліктері бойынша сөз қозғады. 

Мектеп бойынша жұмыс жасайтын үйірмелер жұмысының жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруда  маңызы өте зор. Спорт –денсаулық кепілі десек, бүгінгі таңда баланың қажетті деп тапқан бейімділік ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынған  спорт түрлерінің саны жыл сайын артып келеді. Мектепте ұйымдастырылатын жарыс түрлеріне қатысамын деп ниет білдірген  оқушылар көбеймесе азайған жоқ. «Мен және менің отбасым» атты отбасылық сайыс,  баскетбол және волейболдан ұлдар, қыздар арасындағы жарыстар өз кезегінде жоғары дәрежеде өткізіліп отырады және жыл сайыны дәстүрге айналды десем қателеспеймін, деді өз сөзінде  директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Сагимбаев И.С 

Отырыс соңында кеңес төрайымы  Садыкова Ж.Т   2018-2019 оқу жылында бастау алған республикалық «Қамқорлық акциясының» жоғары дәрежеде өтуін  қамтамасыз ету, сонымен қатар, кеңес мүшелерінің де акцияға ат салысуға шақырды. Қамқоршылық кеңесі  жұмысы сараланып, алдағы уақытта  кеңес  жұмысының   жандана беретініне баса назар аударды.