«Адал жол» марафоны » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2018

«Адал жол» марафоны

    18 сәуір күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушыларына «Адал жолмен жүру- әр азаматтың парызы» атты лекция оқылды. Лекцияны мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Аканова Ж.С, Аязбаева С.К қазақ және орыс тілдерінде жүргізіп, оқушыларға сыбайлас жемқорлықпен күресу елі¬міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отырғанын, үлкен әлеуметтік қасі¬рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы¬сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар-лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататынын басым айтып өтті. Лекция барысында қосымша «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында презентациялар мен әлеуметтік видеороликтер көрсетіліп, лекция тақырыбын аша түсті.
    Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы бірге жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуіне, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту ол- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.