Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2018

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

     «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің жұмыс жоспарына сай қараша айының 23-ші күні «Біз АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсымыз!» атты акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға ЖҚТБ-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана–сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершіліктерін ояту.
     Ұйымдастырушылар мектеп тәлімгері А.Т.Идрисова мен педагог-психолог М.М.Ибраимова және «Парасат» ұйымы болды. «Біз АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсымыз!» акциясы таңертеңгі тізілістен басталды. Тізілісте акцияның күн тәртібі таныстырылды. Қоңырауда уақытында оқушыларға АҚТҚ/ЖҚТБ туралы бейнероликтер көрсетіліп, «Біз АҚТҚ-ЖҚТБ-ға қарсымыз!» плакатына өздерінің қарсылықтарын қол қою арқылы білдірсе, жекелеме оқушыларға сұрақ-жауаптар қойылып оқушы ойлары тыңдалды. Орта буын 5-8 сынып оқушыларына қабырға газеттер сайысы өткізілді. Акция соңында 9-11 сынып оқушыларына арналған «ЖҚТБ- ХХІ ғасыр дерті» конференция жалғасын тауып, қорытындыланды. Конференцияны 11«Ә» сынып оқушысы Азатұлы Ерхат «СПИД құрбаны» атты монологымен ашты. 11«А» сынып оқушысы Шынтаева Н, 11 «Ә» сынып оқушысы Айтқазина С. «Дүниежүзілік ЖТҚБ –мен күрес», «АҚТҚ -тың шығу тарихы, алдын-алу шаралары», «ЖҚТБ-ның берілу және алдын - алу жолдары» тақырыптарында дайындаған баяндамаларымен шығып, оқушылармен бөлісті. Сонымен қатар, осы конференцияға Жарма ауданының орталық ауруханасының дәрігерлері А.Е.Абаева және Жарма аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бас маманы А.А.Жалелова қонақ ретінде шақырылып, пікірлері тыңдалды. Пікір соңы оқушылардың сұрақтарымен жалғасын тауып, оңтайлы жауаптар ала алды. 
     «Парасат» ұйымының мүшелері өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, жаман әдеттерден аулақ болуға, оқушыларға ой салатын «Қателіктің арты өкініш» атты көрінісін қойды. Конференция соңында ақпарат министрі Сейтханова Шұғыла оқушыларға еркін микрофон әдісін қолданып, сауалнама алды. 
Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз, оқушыларымыздың жарқын болашағы өз қолында екенін дәлелдеу біздің және ата-аналарымыздың ең басты міндеті екеніні естен шығармай, алдағы уақытта да жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

 

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

 

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

 

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

 

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!

 

Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!