05
октябрь
2024
Дублер күні
Дублер күні
Мектебімізде тәлімгер Майчекенова Жанар Рахметгалиевна және мектеп парламенті мүшелерімен «Құрметтейік ұстазды» ұранымен "Дублер күні" ұйымдастырылды. Бір апта бұрын «өзін-өзі басқару» күнін ұйымдастыру жоспары жасалып, дублер күні күнделігі жүргізілді.10-11 сынып оқушылары пәндер бойынша мұғалімдердің орнына сабақ берсе бастауыш сыныпқа бөлінген тәлімгерлер де қалыс қалмады. Нәтижиесі жаман емес. Әрбір оқушы өзіне тиесілі сабақтарға жоғары деңгейде дайындалып, өздеріне сабақ берген ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиелерін іс жүзінде тамаша қолдана алды. Тіпті кейбір оқушылар оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, сабақтарын қызықты өткізіп, ұстаздарының көңілінен шыға білді. Оқушылардың «Құрметтейік ұстазды» ұранымен өткен «Дублер» күні жоғарғы деңгейде өтіп, алғысқа кенелді. «Шәкірттің жемісі-ұстаздың жемісі» деген осы болар бәлкім.
#Біртұтас_тәрбие
#Дублер_күні