«Шығыс Ұландары» сыныптары арасында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын ұйымдастырылды. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шығыс Ұландары» сыныптары арасында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын ұйымдастырылды.
04
апрель
2018

«Шығыс Ұландары» сыныптары арасында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын ұйымдастырылды.

     2018 жылдың 28-30 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы «Шығыс Ұландары» сыныптары арасында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын ұйымдастырылды. 
    Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, әскери білім беру беделін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әскери оқу орындарында оқуға дайындалған үміткерлерді анықтау және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу болып табылады.
    Олимпиада көктемгі демалыста өткізілгеннен «Юбилейный» кинотеатрында бейнефильм көрсетілді, Қазақстан жеңіл атлеті олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковамен кездесті, 5518 әскери бөліміне экскурсия ұйымдастырылды.
    «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-сі бойынша 5 сыныптан Қалиқанов Анвар – бөлім командирі, Бағдан Кәкімжан, 6 сыныптардан Қабдешов Али – бөлім командирі, Слямханов Диас қатысты. Сайыстың барлық кезеңінен жақсы нәтиже көрсеткені үшін Қабдешов Али ІІ орын, Қалиқанов Анвар, Бағдан Кәкімжан жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Әр ұланға сертификат және естелікке энциклопедия табысталды.