«Шығыс Ұландары» сыныптары арасында облыстық әскери- қолданбалы спорттық ойындардан жарыс болып өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Шығыс Ұландары» сыныптары арасында облыстық әскери- қолданбалы спорттық ойындардан жарыс болып өтті.
12
февраль
2019

«Шығыс Ұландары» сыныптары арасында облыстық әскери- қолданбалы спорттық ойындардан жарыс болып өтті.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Жарма ауданы ауған соғысы ардагерлерінің ұйымдастыруымен «Шығыс Ұландары» сыныптары арасында облыстық әскери-қолданбалы спорттық ойындардан жарыс болып өтті. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Жарма аудандық ҚІЖБ-нің бастығы подполковник Жапаров Б.О, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жетекшісі Жанакова Ж.С, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Садыкова Ж.Т, соғыс ардагері- марқұм М.З.Оспановтың ағасы Аубакиров Т. болып, құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға ақ жол тіледі.
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ –нің «Шығыс Ұландар» сыныптарының сарбаздары сап түзеп, келген қонақтар мен жарысқа қатысушыларға арнап патриоттық әндер шырқап, салтанатты ашылу рәсімін қыздыра түсті.
Жарысқа Семей қаласы «Жас Ұлан» ерлер лицейі, Күршім, Глубокое, Көкпекті, Жарма аудандарынан келген 7 команда күш сынасып, тың дайындықтарын көрсетті.
Жарыстың нәтижесі бойынша «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Ақ бөрі-1» командасының сарбаздары 1 орын, Семей қаласы «Жас Ұлан» ерлер лицейінің сарбаздары 2 орын иеленсе, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Ақ бөрі-2» командасы 3 орынды қанжығасына салды.
Жарыс жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, келуші қонақтар мен жарысқа қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Біз, сарбаздарымызға ақ жол тілейміз. Мерейлері үстем болып, жеңіс туын биікке алып жүрер сарбаздарымызды мақтан тұтамыз!
Ауған соғысының ардагерлеріне – 30 жыл мерейтойларыңыз құтты болсын, жасөспірімдерге үлгі болар ерен еңбектеріңді болашақ ұрпақ ешқашан ұмытпайды, сіздерге айтар алғысымыз шексіз! Сіздерге мың алғыс, құрметті біздің Ауғандық Ардагерлеріміз!