Материалы за 02.10.2022 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұстазға құрмет
02
октябрь
2022
Ұстазға құрмет
30.09.2022 жыл күні мектебіміздің  «Жас Ұлан» ұйымы мүшелері және  10-11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ұстаздар күні жоғары дәрежеде аталып өтті. Осы күнді мерекелік нышанда өткізуді жоспарлаған оқушылар жұмыс күнін  көтеріңкі көңіл күйде және әдемі музыка ырғағымен, өз қолдарымен  жасалған гүл шоқтарын сыйға тартып,  ұстаздарын қарсы алды. Жүздері бал-бұл жанған, кішкентай бүлдіршіндерден бастап, ақылы толықсыған ұл –қыздардың  мерекелік құттықтаулы ұстаздардың көңілдерінен шықты. 
Оқушы  тілектері  көпшілік назарына ұсынылды
02
октябрь
2022
Оқушы тілектері көпшілік назарына ұсынылды
Ұстаздар күні  мектеп дәліздерінде  оқушылардың мерекеге деген құрметтеріне толы түрлі-түсті қабырға газеттері  ілініп, атаулы күнге арналған фотозона қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылды. Жылы лебіздер, ұстазға деген сүйіспеншілік пен ризашылықтар  балалар қолымен суретті нақышта орындалып, нағыз шынайы көзқарастардың куәсіндей әсер қалдырды.  Ұстазға деген құрметтің оқушы бойында табылып, тамаша әсер қалдырғаны – мұғалімдік жолды таңдаған әр адам үшін нағыз мақтаныш екені сөзсіз!