Кәсіптік бағдар беру жұмысы жалғасын табуда...
05.10.2022 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-не Алматы қаласы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясы қызметкерлері арнайы келіп, 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өткізді. Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери / арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі, қабылдау оқу бағдарламалары, түсуге ниет білдірген кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшем шарттары жете түсіндірілген кездесуде түлектеріміз оқу орны туралы жан –жақты мағлұмат алды.