"Үздік спортшы" номинациясымен мектебіміздің оқушысы Бахтиярова
Жастар ресурстық орталығында өткен ІІІ аудандық жастар форумына қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген жалынды жастарды мараппаттады. Форумда аудан әкімінің орынбасары Р. Нұрғалиев құттықтау сөз сөйлеп, жыл бойы жергілікті жерде жастар саясатын жүзеге асыруға өз үлестерін қосып жүрген белсенді жастарды 12 номинация бойынша марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Марапатқа ие болғандардың арасында " Үздік спортшы " номинациясымен мектебіміздің оқушысы Бахтиярова Альбина марапатталды.