Материалы за 17.02.2023 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ата-аналармен ұйымдастырылатын белсенді жұмыс түрлері" атты сынып жетекшілерге арналған семинар-практикум өткізді
17
февраль
2023
"Ата-аналармен ұйымдастырылатын белсенді жұмыс түрлері" атты сынып
17 ақпан күні мектеп психологтары И.Тагиева мен А.Ұлыбаева және әлеуметтік педагог Ә.Тюлегетаева бірлесе отырып "Ата-аналармен ұйымдастырылатын белсенді жұмыс түрлері" атты сынып жетекшілерге арналған семинар-практикум өткізді. Семинар мақсаты: "Отбасы-Мектеп" тәрбие ошағын құру, мұғалім мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту болатын. Семинар барысында сынып жетекшілер ата-ана типтерімен таныстырылып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындау арқылы өз ойларын ашық түрде жеткізе алды.
«Патриот болу - парызың» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
17
февраль
2023
«Патриот болу - парызың» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханасында  "Жас Сарбаз" 9-10 сынып оқушыларымен «Патриот болу - парызың» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс- шара өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, қазақ елінің ержүрек батырлары мен елі, жері үшін аянбай күрескен ұлттың ұлыларының ерлігін үлгі ету, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, ойын ашық айтуға, көркем әдеби тілде сөйлей білуге төсілдіруді мақсат етті.
«Жарық жұлдыз» фестиваль
17
февраль
2023
«Жарық жұлдыз» фестиваль
Ән өнерін дамыту, жас талант иелерін табу, жастар арасында әншілік өнердің кәсіби деңгейде көтерілуіне жол ашу мақсатында өткен аудандық «Жарық жұлдыз» фестиваль байқауында эстрадалық вокал жанры бағытында 14-17 жас ерекшелігі бойынша «НАЗ» триосы "Жұмақ мекен" әнімен жүлделі І-орынды иеленсе, 11-13 жас ерекшелігімен 5-сынып оқушысы Қайнар Ислам «Лебедей» әнімен ІІ-орынға ие болды (жетекшілері Б.М.Аксакова, Н.М.Баяхметова). Жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
8 - ші сыныптар арасында ауған соғыс ардагерлерімен  кездесу өтті
17
февраль
2023
8 - ші сыныптар арасында ауған соғыс ардагерлерімен кездесу өтті
Мектебімізде 14.02.2023 жыл күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 34 жыл толуына  байланысты 8 - ші сыныптар арасында ауған соғыс ардагерлерімен  кездесу өтті.  Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында өткен кездесуде Ауған соғысында, тәжік -ауған шекарасында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, есімдері қастерленді, рухтары ұлықталды. Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері Мапетов Құрманғали Мұхамадиұлы,
«Мәңгілік махаббат жаршысы»
17
февраль
2023
«Мәңгілік махаббат жаршысы»
16 а қпан күні Бірлік орта мектебінде Халық жазушысы Ә. Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойы аясында «Мәңгілік махаббат жаршысы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, 8-9, 10-11   сынып оқушылары арасында кездесу-диалогтік алаңы өтті. Бұл іс-шараның  басты мақсаты қазақ әдебиеті  мен журналистикасында өшпестей із қалдырған  Халық жазушысы, жерлесіміз Ә. Нұршайықовтың  шығармалары арқылы жас ұрпақты ұлт жандылыққа,  сезімнің тұрақтылығына, әсемдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.