Материалы за 28.02.2023 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Баскетболдан аудан біріншілігі өтті
28
февраль
2023
Баскетболдан аудан біріншілігі өтті
Ұлттық Мектеп Спорт лигасы аясында 5-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында салауатты өмір салтын насихаттау, талантты және жас спортшыларды анықтау мақсатында өткен баскетболдан аудан біріншілігінде Маяковский атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары (ұлдар) командасы І-орынға ие болды, 5-6 сынып оқушылары (қыздар) командасы ІІ-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
«Алғыс айту парыз   ба, міндет пе?» тақырыбында дебат өткізілді
28
февраль
2023
«Алғыс айту парыз ба, міндет пе?» тақырыбында дебат өткізілді
27 ақпан күні 7-8 сыныптар арасында «Алғыс айту парыз   ба, міндет пе?» тақырыбында дебат өткізілді. Оқушылардың  «Сыйластық»  құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық  пен алғыс  туралы түсінік  беру;  оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткен ой тартысында  фракциялар «Алғыс айту әркімнің парызы» және «Алғыс айту әркімнің міндеті»- деген позицияны ұстана отырып, ойларын ортаға салды.
5- сынып оқушылары «біздің заманымыздың батырлары» алғыстарын білдіріп қайтты
28
февраль
2023
5- сынып оқушылары «біздің заманымыздың батырлары» алғыстарын
Алғыс айту күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің 5- сынып оқушылары «біздің заманымыздың батырлары» - ауданымызда түрлі қызмет саласында еңбек етіп жүрген жандарды мерекемен құттықтап, алғыстарын білдіріп қайтты.   Әр салада қызмет етсе де  мақсаттары мен мүдделері халық үшін еңбек ету, халықтың қамын ойлау, тыныштық пен бейбіт күннің атар таңына тілектес болған жандардың риясыз  еңбектері бағаланып, балалардың шексіз алғысына ие болды.
Алғыс айту күніне орай тәрбие сағаттары өтті
28
февраль
2023
Алғыс айту күніне орай тәрбие сағаттары өтті
Алғыс айту күніне орай 1-11 сыныптарда  «Алғыс жүректен шығады», «Алғыс айту міндетің», «Жүректен шыққан жылы сөз» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті. Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін  кеңейту және үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту мен әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген тәрбие сағаттарының берер тәлімі мен тағылымы мол болды.
Чайхана у психологов
28
февраль
2023
Чайхана у психологов
Благородство - это очень прекрасное и вдохновляющее качество в людях.  Быть благородным - это умение всегда что-то отдавать, отдавать частичку себя, материальные ценности, время, необходимые средства, дарить эмоции, выражать чувства, говорить приятные слова другим людям. Педагоги-психологи Тагиева И.Т., Улыбаева А.О.  и социальный педагог Тюлегетаева А.Ж. в рамках празднования Дня Благодарности, для людей благородной души, которые на протяжении многих лет оказывали и по сей день оказывают
«Жаныңда жүр жақсы адам..»
28
февраль
2023
«Жаныңда жүр жақсы адам..»
Алғыс айту баршаға ортақ қасиет деп білеміз. Оған дәлел, «Маяковский атындағы орта  мектебі» КММ- де өткен  салтанатты іс-шара. «Жаныңда жүр жақсы адам..» тақырыбында  мектеп демеушілерінің басын қосқан шарада жылдар бойы  «көмек» қажет ететін  отбасылар мен тәрбиеленушілерге  аялы алақандарын ұсынып, қамқоршылық,  демеушілік жасап, тірек болған  жандарға алғыс   білдіру болды. Кеште мектеп директоры  Н.М.Садыкова  құттықтау сөз сөйлеп, келушілерге ұжымның атынан  алғыс хаттар табыс етті.