Материалы за 01.03.2023 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс хатымен  марапатталды
01
март
2023
Алғыс хатымен марапатталды
"Алғыс айту"  мерекесі күні  мектебіміздің тарих пәнінің  мұғалімі Сандуғаш Кабидоллаевна Аязбаева  өз ісін адал атқарғаны үшін,  ауднымыздағы қоғамдық  шараларға белсенді қатысқаны үшін аудан әкімі Ж.Байсабыровтың  Алғыс хатымен  марапатталды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!!!
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі  ІІІ орын
01
март
2023
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі ІІІ орын
2023 жылдың 28 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі  пәнінен жүлделі  ІІІ орынға ие болған   9 сынып оқушысы  Мартыненко Азалия Семей қаласында өткен  салтанатты жиынға қатысып мадақтамамен марапатталды.  Жетекшісі Падалко Ольга Валерьевна. Құттықтаймыз
"Ашық аспан үшін алғыс..."
01
март
2023
"Ашық аспан үшін алғыс..."
Алғыс күніне "Жас Сарбаз»" 9- сынып оқушылары "Ашық аспан үшін алғыс..."  акциясымен  ҰОС ардагері Наил Загидуллиннің үйіне барып, мерекемен құттықтап, тәтті сыйлықтар берді.  Оқушылар қарт ардагерге бейбіт өмір, ашық аспан, тыныштық пен елдегі жайлылық үшін риясыз алғыстарын білдіріп, көмек қолын созып қайтты.