«Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет» тақырыптарында тәрбие сағаттары
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Аналар мерекесіне орай мектебімізде 1-11 сынып оқушыларымен «Ана өмір гүлі», «Сыйынар ем ана деген тәңірге», «Адамзаттың асылы-Ана деген құдірет» тақырыптарында тәрбие сағаттары өтті.