Материалы за 15.03.2023 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
15
март
2023
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Наурыз-бірлік пен ынтымақ мерекесі» атты сынып сағаттары өтті.
«Ұлттық ойын-ұлттың игілігі» атты ұлттық спорттық ойындарынан жарыс ұйымдастырды
15
март
2023
«Ұлттық ойын-ұлттың игілігі» атты ұлттық спорттық ойындарынан жарыс
Қазақ халқында балаларға арналған ұлттық ойындар жетіп артылады. Бұл ойынның барлығы балаларды физикалық тұрғыда дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, епті болуға бейімдейді. Осы орайда, мектебімізде 12-13 жастағы балаларға арналып дене шынықтыру пәні ұстаздары «Ұлттық ойын-ұлттың игілігі» атты ұлттық спорттық ойындарынан жарыс ұйымдастырды. Наурыз мерекесіне орайластыра өткізілген жарыста оқушылар тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату т.б ойын түрлерінен күш сынасты.
Мерекелік ұлттық киім көрмесі ұйымдастырылды
15
март
2023
Мерекелік ұлттық киім көрмесі ұйымдастырылды
Көпшілікке киім атаулары мен олардың түсініктемелерін насихаттау және ұлттық киімдер жайлы жетік біліп жүру мақсатында 1-11 сыныптар арасында мерекелік ұлттық киім көрмесі ұйымдастырылды. Әр киімнің  тарихы түсіндірілген  көрменің өз құндылығы, мәні мен мағынасы мол болды. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болмаған, оның көркем үлгілері тіпті әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Біз ұлттық киімдермен мақтанамыз.
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамы қарсаңында ақ батасын алды
15
март
2023
«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамы қарсаңында ақ батасын алды
Сөз қасиеті мен қадірін жете түсінген қазақ бата беруге, бата алуға аса мән берген. «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамын мерекелеу қарсаңында мектебімізде аға ұрпақты қастерлеу салтымен 6-сынып оқушылары ауылымыздың ақсақалы Танатаров Заманбек Мұқанұлы  атаны арнайы шақырып,  ақ батасын алды.  Шынайы жүректен шыққан бата ғана қабыл болады демекші, мерекеде берген бата қабыл болсын! Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын!