Материалы за 13.04.2023 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті
13
апрель
2023
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті
10.04.2023 жыл күні ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында әзірленген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-8 сынып оқушыларына республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.Олимпиада нәтижесінде  «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Мальцев Руслан  6 сынып (жетекшісі С.Г.Байнуркашева) ІІІ-орын, Кулшанова Анель 8 сынып (жетекшісі Қ.Қ.Наушабаева) ІІ-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Ғылыми-практикалық конференция өтті
13
апрель
2023
Ғылыми-практикалық конференция өтті
12.04.2023 жыл күні «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-де 5-9 сынып оқушылары арасында ғылыми-практикалық конференция өтті. Әртүрлі пәндер бойынша оқушылардың тақырыптық зерттеу жұмыстарын  көрсете отырып, пәнге  қызығушылықтарын арттыру, бойындағы дарындылық қасиетін дамытуға ықпал ету мақсатында өткен конференцияда тың жобалар таныстырылып, жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды. Озық жұмыстар марапатталып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
"Ғарыш әлеміне саяхат" атты зияткерлік ойын өткізілд
13
апрель
2023
"Ғарыш әлеміне саяхат" атты зияткерлік ойын өткізілд
2-сынып оқушыларымен мектебіміздің тәлімгері  Ж.Ғ Кеңесова ұйымдастыруымен  12 сәуір-Ғарышкерлер күніне орай "Ғарыш әлеміне саяхат" атты зияткерлік ойын өткізілді.   Сайыстың мақсаты:  Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш саласы туралы білімдерін молайту.    Зияткерлік ойын барысында оқушыларға түрлі ойындар ойнатылды. Ойын өте қызықты әрі тартысты өткізілді. Барлық кезеңнен сүрінбей өткен оқушыларымыз мадақтамалармен марапатталды.