Материалы за Июль 2023 года » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июль 2023 года
"Шапағат" жазғы лагері
10
июль
2023
"Шапағат" жазғы лагері
10 шілде күні "Шапағат" жазғы лагерінде "Мені қоршаған орта" тақырыбында патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында ауыл саябақтарына саяхат ұйымдастырылды. Саяхат табиғат аясында ерекше форматта өткізілді. Балалар ата-аналар көмегімен жасалған азық-түліктерімен бөлісіп, ойын ойнап керемет көңіл-күймен аяқтады.
"Шапағат" жазғы лагері
05
июль
2023
"Шапағат" жазғы лагері
5 шілде күні "Шапағат" жазғы лагерінде патриоттық тәрбиені дамыту мақсатында "Менің туған өлкем" атты тақырыпта суреттер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс табиғат аясында ерекше форматта өткізілді. Балалар өздері таңдап алған суреттер бойынша 4 топқа бөлініп, тақырып төңірегінде барынша бейнелеуге тырысты. Туған жер арқылы еліміздің өткені мен болашағын байланыстырып, нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі ерекше екендігін түсіне алды.
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
04
июль
2023
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
4 шілде күні "Шапағат" жазғы лагерінде Астана күніне орай "Нұрлы қалам-АСТАНАМ" атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс шара барысында балаларымыз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Бір ерекшелігі бұл іс-шараға тәрбиешілерімізде ән айтып оқушы жүрегіне жол таба алды. Бағдарлама соңында өнерлерімен ерекшеленіп, белсенділік танытқан оқушыларымыз мадақтамалармен марапатталды.
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
03
июль
2023
"Шапағат" жазғы демалыс лагері
3 шілде "Шапағат" жазғы лагерінде "Қазына іздейміз" ойыны ойнатылды. Ойын барысында балалар мен мұғалімдер маршрут картасындағы  суретке сәйкес, қазынаны табу үшін түрлі тапсырмаларды орындап отырды.  Балалар ептілік, шыдамдылық, тапқырлық танытты.  Іздеу нәтижесінде балалар қазынаны тауып,  жеңіске жетті.  Демеушілік білдірген жанашыр ата - аналарға алғыс білдіреміз.