ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ
🚨 🔥 🚨ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ 🚒 28 ақпан күні мектебіміздің аумағында ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ өтті. 🚒Тактикалық іс-шара жоспары бойынша акт залында өрт шығып, өрт орнына ЖАРМА АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР №14 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ кезекші қарауылдары келді. 🚒Оқиға болған жерде бірден жедел өрт сөндіру штабы құрылып, өрт-тактикалық жаттығулары жасалды. 🚒Жаттығуға 15 адам қатысып, 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт сөндіріліп, жаттығулар сәтті өтті.