Материалы за Апрель 2026 года » Страница 19 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 19
ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті
07
апрель
2026
ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына
📌АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ  ✅Мектебімізде ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. ✅ Жиналыс барысында оқу үлгерімі мен тәртібі,  қауіпсіздік ережелері, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, үйірме және секцияларға қатысуы талқыланды.    ✅ Сынып жетекшілер оқушылардың жеке жетістіктері мен алда атқарылатын жұмыстар бойынша ата-аналарға ақпарат берді.    ✅ Ата-аналар тарапынан ұсыныстар тыңдалып, кері байланыс орнатылды.
КІТАП — БІЛІМ БҰЛАҒЫ, БІЛІМ — ӨМІР ШЫРАҒЫ!  9 «Б» сынып оқушылары аудандық кітапханаға экскурсия жасады
07
апрель
2026
КІТАП — БІЛІМ БҰЛАҒЫ, БІЛІМ — ӨМІР ШЫРАҒЫ! 9 «Б» сынып оқушылары
📚 КІТАП — БІЛІМ БҰЛАҒЫ, БІЛІМ — ӨМІР ШЫРАҒЫ! ♻️ «БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» жобасы аясында 9 «Б» сынып оқушылары аудандық кітапханаға экскурсия жасады. ♻️ Сынып жетекшісі СУЛЕЙМЕНОВА ГҮЛДАНА ТАКТАРХАНОВНА жастардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқушыларды кітап әлемімен таныстырып, рухани дамуларына ұйытқы болды. КҮШ - БІЛІМДЕ, БІЛІМ - КІТАПТА.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ  АЯСЫНДА  СЕНБІЛІК ӨТТІ
04
апрель
2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ  АЯСЫНДА  СЕНБІЛІК ӨТТІ ♻️ Бүгін ауылымызда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы   аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.  ♻️ Аталған шараға мектеп ұжымы белсенді қатысып, көше мен айналаны тазалау, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді. ♻️ ТАЗАЛЫҚ – МӘДЕНИЕТТІҢ БЕЛГІСІ. Осындай игі бастамалар арқылы біз жас ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейміз. 🌱 ТАЗА ОРТА – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!
КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
03
апрель
2026
КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
📚 КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ  ✅ 3 сәуір күні мектебімізде кезекті педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.  ✅ Кеңес барысында III оқу тоқсанының қорытындысы, оқушылар қозғалысы, оқу бағдарламасының орындалуы жан-жақты талқыланып, тәрбие жұмыстарының есебі қаралды. ✅ Күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша білім сапасы, сабаққа қатысу, үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстардың қорытындысы сараланып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.       ✅Педагогикалық кеңес барысында
«Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағатын өтті
02
апрель
2026
«Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағатын өтті
📚 ​КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА  ♻️ ​2 СӘУІР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ күніне орай 9 «А» сынып жетекшісі КОШЕРБАЕВА ЖАНАР ЖУМАГЕЛЬДИНОВНА «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағатын өткізді.  ​♻️ Сынып сағатына мектебімізде ұзақ жылдар бойы кітапханашы қызметін абыроймен атқарған ардагер маман — ҚОСАЕВА ГҮЛНАР ДУЛАТБЕКОВНА қатысты. ♻️ Гүлнар Дулатбековна оқушылармен кітаптың шығу тарихы, оның адам өміріндегі рөлі мен кітап оқудың пайдасы туралы өте қызықты, тағылымды мағлұматтармен бөлісті.
"БІР МАҚАЛ АЙТАМЫН, ҮЙГЕ ҚАЙТАМЫН" челленджі
02
апрель
2026
"БІР МАҚАЛ АЙТАМЫН, ҮЙГЕ ҚАЙТАМЫН" челленджі
📌 МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫ ⚜️ 2 СӘУІР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ күніне орай ұйымдастырылған "БІР МАҚАЛ АЙТАМЫН, ҮЙГЕ ҚАЙТАМЫН" челленджіне қатысушылар НУРМУХАМЕТОВА ЖУЛДЫЗ ДАУЛЕТБЕКҚЫЗЫ және 2 "Ә" сынып оқушылары. ⚜️ Ұйымдастырушы: МИРА ЕРЖАНҚЫЗЫ.
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
02
апрель
2026
КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС
🔔🔔🔔КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС  🌟 Бүгін мектебімізде 2—  СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ күніне орай ерекше «Көңілді үзіліс» өтті. 🌟 Үзіліс уақытында оқушылар тек демалып қана қоймай, интеллектуалды жарысқа түсті: 🔅 Кітап авторларын еске түсірді; 🔅 Шатасқан әріптерден сөз құрап, тапқырлық танытты; 🔅 Кітап әлеміне саяхат жасап, жаңа қызықты мәліметтер алды. 🌟 Мұндай шаралар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, бос уақытын тиімді өткізуге септігін тигізеді. 🌟ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Ақпарат және