2023 жылдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жаңалықтар » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2023 жылдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жаңалықтар
20
декабрь
2023

2023 жылдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жаңалықтар

2023 жылдың қорытындысы бойынша білім саласындағы жаңалықтар "Маяковский атындағы орта мектебі" КММ 
2023 жылы республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылды: 
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының және Білім беруді тұрақты дамыту қорының "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" қайырымдылық бағдарламасы аясында мектепте материалдық-техникалық база толығымен жаңартылды.
✅️ Мектептің от жағу қазандығы  ауыстырылды, электрогенератор алынды.
✅️ Мектеп асханасына тоңазытқыш, су жылытқыш алынды.
Қауіпсіздік шараларын нығайту мақсатында  46 сандық бейнебақылау камералары орнатылды.    
✅️ 1 қыркүйектен бастап 331 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.
Шілде- тамыз айларында  халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 107 бала ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес – 40 567 теңге мөлшерінде мектепке даярлауға материалдық көмек алды.
Қыркүйек айынан бастап 5 тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.
✅️ Биыл мектеп кітапханасы мемлекеттік бюджеттен 724 данада әлем және қазақ әдебиеті классиктерінің кітаптарымен толықтырылды.
✅️ "Даналық мектебі" мен Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы құрылып,«Даналық мектебі" жыл ішінде  ұстаздармен бірлесе отырып жұмыс жасауда.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#оқуағарту_министрлігі