АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ! » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!
14
февраль
2025

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!

📌АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!

✅14 ақпан күні мектебімізде «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!» атты іс – шарасы өтті. 
✅Іс-шара мақсаты; Ауған соғысында ерлік көрсеткен жауынгерлерді еске алу;
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, өткеннен сабақ алып, бейбітшіліктің қадірін түсіндіру.
✅ Іс-шараға Қорғаныс істер бөлімінің басшысы САЯБАЕВ МЕИРХАТ МУРАТКАЗИЕВИЧ,
Ауған соғысының ардагері, мектепішілік қамқоршылық кеңесі төрағасы ТРАИСПАЕВ НҰРЛАН ШАГИБАСОВИЧ,
Ауған соғысының ардагерлері МАПЕТОВ ҚҰРМАНАЙ МУХАМАДИЕВИЧ, МУКАЖАНОВ МАРАТ УАНОВИЧ, АДРИШЕВ САМАТ қатысты.
✅Мектеп директоры ДАУТОВА АЛИЯ ЖАСУЛАНОВНА   ерекше күнмен ардагерлер мен оқушыларды құттықтап, жас жеткіншектерге жарқын болашақ тіледі.
✅Ардагерлер оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, сол жылдардағы қиындықтар мен өз еңбектері жайлы айтып өтті.
✅Іс-шара соңында мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген «ЖАС САРБАЗ» сыныбының оқушылары  «ҚАЗАҚСТАН ПАТРИОТЫ», «ҮЗДІК СПОРТШЫ» төсбелгілерімен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма