14
май
2026
"БІР КЕМЕДЕГІ 11 ЖЫЛ" АТТЫ ТҮЛЕКТЕР КҮНІ
🌟 "БІР КЕМЕДЕГІ 11 ЖЫЛ" АТТЫ ТҮЛЕКТЕР КҮНІ
✨ Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер- бүгінгі мектеп түлегі. Бүгін мектебіміздің биылғы оқу жылының түлектеріне арналған ерекше күн-жылы лебізден бастау алды.
✨Кіре берістен мектеп бітіруші түлектерді мектеп директоры ДАУТОВА АЛИЯ ЖАСУЛАНОВНА және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар жылы жүзді шуақпен қарсы алып, ізгі тілектерін білдірді.
✨ Күннің жалғасы мектептің акт залында орын алды. Бұл жерде оқушыларға арналған естелік бейнекөрсетілім ұсынылып, жүрекке жылу сезімі сыйланды.
✨Кейін мектеп психологтары ҰЛЫБАЕВА АҚМАРАЛ ОТАНҒАЛИҚЫЗЫ және УРАНОВА ТОҒЖАН СКАКҚЫЗЫНЫҢ ұйымдастыруымен тимбилдинг өткізілді.
✨ Тимбилдингтен кейін түлектер мектеп асханасында оқушы ретінде мектеп қабырғасындағы соңғы таңғы астарын ішіп, балалық шақтың ерекше дәмін сезінді.
✨ Қызықты күннің барысы мектеп дәлізінде әдемі безендірулермен ұстазға, мектепке деген алғыстарын "Ақ тілек" лентасында жазуларымен және түлектердің сұхбат берулерімен жалғасып, түлектер үшін мектеп қабырғасындағы "Арманға апарар соңғы көңілді үзіліс" ұйымдастырылды.
✨ "Ұстаз бен шәкірт сыры" сынып сағатында түлектер ата-аналарына, өздерінің сүйікті ұстаздарына жүрекжарды тілектерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
✨ Іс-шара "ТҮЛЕКТЕР БАҒЫ" АЛЛЕЯСЫНА раушан гүлдер отырғызумен қорытындыланып, түлектер достарымен бірге ән шырқап, ерекше көңіл-күймен мектеппен қоштасты.