"Маяковский атындағы орта мектебі"КММ “ЖАҢА ЖЫЛ” мерекесін өткізуге қатысты төмендегі ЕРЕЖЕЛЕРДІ назарларыңызға ұсынады » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Маяковский атындағы орта мектебі"КММ “ЖАҢА ЖЫЛ” мерекесін өткізуге қатысты төмендегі ЕРЕЖЕЛЕРДІ назарларыңызға ұсынады
22
декабрь
2024

"Маяковский атындағы орта мектебі"КММ “ЖАҢА ЖЫЛ” мерекесін өткізуге қатысты төмендегі ЕРЕЖЕЛЕРДІ назарларыңызға ұсынады

📣📣📣ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!!!

Абай облысы білім басқармасының "Маяковский атындағы орта мектебі"КММ “ЖАҢА ЖЫЛ” мерекесін өткізуге қатысты төмендегі ЕРЕЖЕЛЕРДІ назарларыңызға ұсынады:

🚫 АТА-АНАЛАРДАН АҚША ЖИНАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Мектепте немесе сыныптарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру үшін түрлі мақсатта ақша жинау заңға қайшы және қатаң бақылауға алынған.

🚫 АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШАҚЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Аниматорлар, мерекелік агенттіктерді ақылы негізде шақыруға рұқсат жоқ.

🚫 ПИРОТЕХНИКА ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ:
Пиротехникалық құралдар балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне үлкен ҚАУІП төндіреді.

🚫 ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУҒА БОЛМАЙДЫ:
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау үлкен қауіпке әкелуі мүмкін.

🚫 МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ МЕРЕКЕ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Кафе, мейрамханалар немесе ойын-сауық орталықтарында жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ.

Мектебіміздің басты мақсаты – сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!
Біз осы талаптардың барлығы сіздің ұл-қыздарыңыздың қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қабылданғанын еске саламыз.

📌 Кез келген сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласуға болады:
8 723 47 65 309


#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма