«Мен-жас мұғаліммін» атты жас ұстаздар мектебінің сәттілік апталығы болып өтті. » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мен-жас мұғаліммін» атты жас ұстаздар мектебінің сәттілік апталығы болып өтті.
21
май
2024

«Мен-жас мұғаліммін» атты жас ұстаздар мектебінің сәттілік апталығы болып өтті.

"Маяковский атындағы орта мектебі" КММ-де,  13-17 сәуір аралығында «Мен-жас мұғаліммін» атты жас ұстаздар мектебінің сәттілік апталығы болып өтті. Мақсаты: жас мамандардың әдістемелік деңгейлерін жетілдіру,  педагогикалық шеберліктерін арттыру, өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау. Апталық аясында жас мамандар ашық сабақтар шеруін көрсетіп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді: 
Математика пәнінің мұғалімі Ленсова Г.Р. «Теңсіздіктер жүйелерін шешу», химия және биология пәнінің мұғалімі Бейсенғалиева А.Е. «Патогендер күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжебекова А.А. «"Бала Қайроштың қалаға кетуі"», тарих пәнінің мұғалімі Берікболов О.Д. «Традиционное хозяйство казахов», бастауыш сынып мұғалімі Рудь К.Л. «Симметричные фигуры», «Путешествие по стране сказок».
Ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі мен тәлімгер ұстаздар, жас ұстаздар өзара сабақтарға қатысып, сабақтарға талдау жасап, сәтті және сәтсіз шыққан тұстарын анықтай білді, әдістемелік тұрғыда баға беріп, алдағы жұмыстарына жаңашылдық, шығармашылық, үнемі ізденісте болу керектігін айтып, тілек білдірді. Аптаның соңында жас мамандар мен музыка жетекшісі Нурпеисова Д.М. бірлескен «Жас мамандар кеші» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды.