25
апрель
2026
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА МАЗМҰНДЫ САБАҚ ӨТТІ
📚 АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА МАЗМҰНДЫ САБАҚ ӨТТІ
♻️Мектебімізде ағылшын тілі пәнінің апталығы аясында АСХАТҚЫЗЫ АЯЖАН 5 “А” сыныбында “Edutainment: What do sports teach us?” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
♻️ Сабақ барысында оқушылар түрлі спорт түрлерімен танысып, олардың құрал-жабдықтары туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, спорттың адам өміріндегі маңызы мен оның қандай құндылықтарға баулитыны жөнінде өз ойларын ортаға салды.
♻️ Әртүрлі тапсырмалар, жұптық және топтық жұмыстар, интерактивті әдістер арқылы оқушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, пікір алмасуға белсенді қатысты.
♻️ Сабақтың ерекше бөлігі ретінде ұйымдастырылған көкпар ойынының элементтері оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген ынтасын күшейтті.
♻️Нәтижесінде, оқушылардың сыни ойлау, қарым-қатынас және топпен жұмыс жасау дағдылары дамып, пәнге деген қызығушылықтары айқын көрінді. Сабақ жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толық жетті.