АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
апрель
2026

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ

📚 АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ 

♻️ 28 сәуір күні тарих және география пәндері апталығы аясында тарих пәнінің мұғалімі САПАШ ЕРНАТ ТЫНЫБЕКҰЛЫ  6 «Б» сыныбында «Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

♻️ Сабақ барысында оқушылар сол кезеңдегі мемлекеттік құрылым мен құқықтық нормалардың ерекшеліктерімен танысып, Тәуке хан тұсында қабылданған заңдардың тарихи маңызын зерделеді.

♻️ Әсіресе, қазақ қоғамының бірлігін нығайтуда маңызды рөл атқарған «Жеті Жарғы» заңдар жинағына ерекше назар аударылды.

♻️ Сабақ белсенді әрі танымдық форматта өтті: оқушылар тарихи деректермен жұмыс жасап, тапсырмалар орындап, пікірталасқа қатысып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсетті.

♻️ Ашық сабақ заманауи педагогикалық әдістердің тиімді қолданылғанын көрсетіп, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.