АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ САБАҚ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2026

АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ САБАҚ

📚 АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ӨТКЕН АШЫҚ САБАҚ 

♻️ Мектебімізде 
1-сынып оқушыларымен дене шынықтыру пәні мұғалімі ТЮЛЕГЕТАЕВ ЕРХАТ ДУЙСЕНҒАЗЫҰЛЫНЫҢ ұйымдастыруымен «Кең ауқымды қозғалу дағдылары. Эстафеталық ойындар» тақырыбында көңілді әрі тартысты сабақ өткізілді.

♻️ «Конус арасымен жүгіру» ойынында оқушылар бір метр арақашықтықта орналасқан конустар арасымен жүйрік жүгіріп өтті.

♻️ «Шығыршықпен секіру» кезеңінде балалар белгіленген жерге дейін секіріп барып, кері қайтты.

♻️ «Кім епті?» ойынында конус төбесіне дойбыларды дәл қойып, қайта жинауда оқушылар шапшаңдықтарын көрсетті.

♻️ «Кім мықты?» сайысында гимнастикалық орындықта қол күшімен тартылу арқылы өз күштерін байқатты.

♻️ «Кім мерген?» кезеңінде сақамен асық атып, мергендіктерін дәлелдеді.

♻️ «Кім жылдам?» ойынында шашылған конустарды тез жинап, ұйымшылдық пен жылдамдық танытты.

♻️ Сабақ өте қызықты, белсенді әрі көтеріңкі көңіл -күйде өтті.

♻️ Оқушылар спорттық ойындарға ерекше қызығушылық танытып, достық қарым-қатынас пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

#Адал_азамат_Абай_облысы_Жарма
#АПҚО_Абай_облысы_Жарма
#Ұлттық_сезім_Абай_облысы