Әдістемелік жұмыстар » Страница 23 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
03
декабрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ 3 желтоқсан күні қазақ тілінде білім беретін бастауыш сынып  әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаметова Жұлдыз Даулетбековна 1 «Ә» сыныбында әліппе пәнінен «Өө дыбысы және әрпі» тақырыбында тиімді сабақ өткізді. Оқушылар оқу, буынға бөлу, дыбыстық талдау бойынша жұмыс түрлерінде жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсете білді. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ...
03
декабрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ...
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ... Бастауыш сынып мұғалімі Раисова Анар Аманжоловна 3"А" сынып оқушыларымен қазақ тілі пәнінен "Баяндауыш" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұлттық құндылыққа негізделген тиімді сабақта оқушылар киіз үйдің құрылысы, оның ішкі жиҺаздарының жасалуын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, сабақтың мақсатына жетуге әртүрлі жұмыс түрлерін жасады. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
БАСТАУЫШ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ
02
декабрь
2024
БАСТАУЫШ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ
БАСТАУЫШ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ АПТАЛЫҒЫ 2 желтоқсан күні мектебімізде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес  "Бастауышым -бастамам, білім жолын бастаған” атты қазақ бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы бастау алды.Таңғы тізілісте апталықтың іс-шара жоспары таныстырылып, бастауыш сынып    оқушылары апталық аясындағы атқарылатын шараларға белсенді болуға  шақырды. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
6 "А" сынып  оқушыларымен "Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну" тақырыбында сынып сағатын өткізді.
29
ноябрь
2024
6 "А" сынып оқушыларымен "Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну"
💦"ҮНЕМДІ ТҰТЫНУ" ТАЛАБЫ МАҢЫЗДЫ  💡"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында  күнделікті атқарылатын шаралардың бірі "Үнемді тұтыну". 💡6 "А" сынып  оқушыларымен сынып жетекшісі Капасова Назым Жаксылыковна "Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну" тақырыбында сынып сағатын өткізді.  💡Сынып сағаты барысында оқушылар жұптық жұмыс жасап суды, электр энергияны қалай үнемдеу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, судың  адам ағзасына пайдасы туралы айтып талқылады. 💡Оқушыларға 10 минуттық "ҚАУІПСІЗДІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ
28
ноябрь
2024
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ
📒ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ 28 қараша күні педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын, кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында өткен РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының АУДАНДЫҚ кезеңінде «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, нәтижесінде ЖУБАЙБЕКОВА КУНДЫЗ АЛДАБЕРГЕНОВНА II-орын, АСҚАП РЫСКҮЛ ЕРЖАНОВНА жүлделі III-орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«Озат тәжірибе-озық іс» тақырыбында өткен  АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
27
ноябрь
2024
«Озат тәжірибе-озық іс» тақырыбында өткен АУДАНДЫҚ СЕМИНАР
27 қараша күні бастауыш сыныпта оқыту ерекшеліктері бойынша іс-тәжірибе алмасу, мұғалімдердің шығармашылық есептерімен бөлісу, әріптестерімен кеңесу, олардың жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарасын көру мақсатында  «Озат тәжірибе-озық іс» тақырыбында өткен  АУДАНДЫҚ СЕМИНАРҒА мектебіміздің  бастауыш сынып мұғалімі Асқап Рыскуль Ержанқызы қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісіп қайтты. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ...
23
ноябрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ...
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ӨТТІ... Бастауыш сынып мұғалімі А.Г.Жебраил 3 "Б" сынып оқушыларымен жаратылыстану сабағында "Ас қорыту жүйесі" тақырыбында тиімді сабақ өткізді. Сабақ барысында адам ағзасының ас қорыту жүйесімен танысып, берілген тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындай алған оқушылардың  білім деңгейлері-ұстаз еңбегінің қажымас нәтижесі екенінің дәлелі бола білді. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
"ЖАС ҰСТАЗ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ" ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
22
ноябрь
2024
"ЖАС ҰСТАЗ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ" ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
"ЖАС ҰСТАЗ ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ" ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ 🔸2024 жылдың 22 қараша күні "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын іске асыру аясында жас мұғалімдерге педагогикалық кәсіптің табыстылығында бағдар беру, кәсіби даму мен әл-ауқатын арттыруға ынталандыру мақсатында өткен 3-ші ОБЛЫСТЫҚ форумға мектебіміздің математика пәні мұғалімі Ленсова Гүлмари Ринатқызы мен Қабылбаева Айдана Әділғазықызы қатысты. 🔸"ӘР САБАҚТЫ ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ: МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ" жас педагогтер шеберханасында
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
20
ноябрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ 20 қараша күні орыс тілінде білім беретін бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Т.Н. Скрипко 2 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Біздің сынып» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылармен жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасалды. Білім алушылар өз білімдерін жақсы көрсетті, сабақ жоғары деңгейде өтті. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
19
ноябрь
2024
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
АПТАЛЫҚ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ 19 қараша күні орыс тілінде білім беретін бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Балтабаева  1«В» сыныбында математика пәнінен «8,9 сандарын қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 1-сынып оқушыларының білімі мен біліктері сараланып, сабақ жоғары дәрежеде өтті. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма