ӘРІПТЕСІМІЗ ӨЗ ІС-ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2026

ӘРІПТЕСІМІЗ ӨЗ ІС-ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

📌ӘРІПТЕСІМІЗ ӨЗ ІС-ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ 

✅ Жарма ауданы білім бөлімі ұйымдастыруымен 2026 жылғы 19 ақпанда «Абай атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ базасында  
«Химия және биология пәндерін оқытудың тиімділігін арттыру мен мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейін нығайтуда ЖИ маңызы» тақырыбында АУДАНДЫҚ семинар өтті.

✅ Семинар барысында мектебіміздің биология пәні мұғалімі ҚАБЫЛБАЕВА АЙДАНА ӘДІЛҒАЗЫҚЫЗЫ  
«Биология сабақтарында жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында шебер-сынып көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.

✅ Жасанды интеллект құралдарын:  
• сабақ жоспарлауда  
• сараланған тапсырмалар құрастыруда  
• визуалды материалдар дайындауда  
• кері байланыс пен бағалауда  
қолдану жолдары таныстырылды.

✅  Қатысушылар тәжірибе алмасып, цифрлық технологиялардың білім сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.

✅ Семинар нәтижелі өтіп, педагогтердің кәсіби дамуына серпін берді!