8 НАУРЫЗ - СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТ МЕРЕКЕСІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2026

8 НАУРЫЗ - СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТ МЕРЕКЕСІ

🌷🌷🌷8 НАУРЫЗ - СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН ҚҰРМЕТ МЕРЕКЕСІ

🌹 8 наурыз – көктемнің шуақты лебімен бірге жетіп, әлемге мейірім мен нәзіктік сыйлайтын ерекше мереке. 

🌹 Осы мерекенің жылулығын сезіндіретін тағылымды шара бүгін біздің мектебімізде де ерекше түрде аталып өтті.

🌹 Бұл күн — ардақты аналар мен аяулы арулардың қажырлы еңбектерін ұлықтап, оларға шексіз алғыс пен шынайы құрмет көрсететін мерейлі сәт.

🌹 Мектебіміздің ер азаматтарының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ана, мектептің берекесі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

🌹 Мектеп  директоры Даутова Алия Жасулановна және кәсіподақ ұйымының төрайымы Сатыбалдықызы Венера ұжымдағы аяулы жандарды жүрекжарды тілектерімен құттықтап, олардың білім мен тәрбие саласындағы еңбектеріне жоғары баға беріп Алғыс хаттар табыстаса, ұжымымыздың ер азаматтары жекелей номинациялар бойынша марапаттады.

🌹 Мерекелік бағдарлама барысында әсем әндер шырқалып, әсерлі жырлар оқылды. Қызықты ойындар ұйымдастырылып, орындалған әндер көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Жылы көңілге толы бұл кеш әр жүрекке қуаныш сыйлап, мерекенің шынайы мәнін сездірді.