ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2025

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

✅ 2025 жылдың 04-05 қараша күндері Атырау қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының форумы өтті.
✅ ФОРУМНЫҢ МАҚСАТЫ: оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өзіне деген сенімділікті арттыру және заманауи қоғамда белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
✅ Аталған форумға Абай облысының атынан бес оқушыдан құралған команда интерактивті алаңдарға қатысып, өз қабілеттерін түрлі бағыттағы ойындар мен тренингтерде сынады.
Абай облысы командасының  құрамында мектебіміздің 11- сынып оқушысы БЕКБОСЫН АРУЖАН да бар.
✅ Ол форум барысында белсенділік танытып, көшбасшылық қасиеттерімен көзге түсе білді.
✅ Сонымен қатар квест «табыстылық жолы: әрекет ету уақыты!», пікірсайыс, стартап жобалары, тренингтер мен интеллектуалдық ойындар өтті.
✅ НӘТИЖЕСІНДЕ Абай облысының командасы жүлделі І ОРЫНҒА ие болды.

 🎉ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!