Оқу әдістемелік бағыт » Страница 74 » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұғалімдерге аарналған облыстық олимпиаданың АУДАНДЫҚ кезеңі өтті
11
октябрь
2024
Мұғалімдерге аарналған облыстық олимпиаданың АУДАНДЫҚ кезеңі өтті
10 қазан күні Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен математика және информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиаданың АУДАНДЫҚ кезеңіне мектебіміздің математика пәні мұғалімдері Аканов Ержан Атымтаевич, Ерболат Үмітгүл қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Информатика пәні мұғалімі Жайсембаев Жанибек Болатбекович жүлделі ІІ орынды иеленіп, ОБЛЫСТЫҚ кезеңге жолдама алды.  Әріптестерді жеңістерімен құттықтаймыз!!! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие
Аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2024» сайысы өтті
11
октябрь
2024
Аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2024» сайысы өтті
11 қазан күні Жарма аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен аудандық «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі-2024» сайысына мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Тюлегетаев Ерхат Дуйсенгазыевич қатысып жүлделі І орынды иеленді. Сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алған әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
11
октябрь
2024
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
2024 жылдың 8 қазанында Жарма ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Мектебімізден ұсынылған 18 жобаның 13 жобасы жүлделі орынға ие болды. І-орын – 4 оқушы, ІІ-орын – 3 оқушы, ІІІ-орын – 6 оқушы. Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз! #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма 
“Үздік авторлық бағдарлама" байқауы
10
октябрь
2024
“Үздік авторлық бағдарлама" байқауы
📕“Үздік авторлық бағдарлама" байқауы             2024 жылдың 27-қыркүйегінде Жарма ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, аудан білім беру мекемелерінің пән мұғалімдері арасында облыстық “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде,  2 - секция бойынша бастауыш сынып мұғалімі Р.Асқап жүлделі III орын, 4-секция бойынша бастауыш сынып мұғалімі  М.Тажиева ІІ орын,  4 - секция бойынша биология пәні мұғалімі А.Ахметкаримова І орын, 5 - секция бойынша  информатика пәні
ҚР оқу- ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
05
октябрь
2024
ҚР оқу- ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Р А.Балтабаева тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолындв қол жеткізген табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін ҚР оқу- ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Марапат иелерін құттықтаймыз!
05
октябрь
2024
Марапат иелерін құттықтаймыз!
Ұстаздар қауымының кәсіби мерекесі күні жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай егеменді еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, бүгінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолында атқарған мінсіз қызметтері үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен әріптесіміз М.А.Аяпбергенова, Жарма ауданы маслихатының Алғыс хатымен әріптестеріміз Е.С.Таширяев, Н.Е.Базанов, Е.Д.Тюлегетаев, Е.Қ.Есмұратов және аудан әкімінің Алғыс хатымен әріптесіміз А.А.Абдулдинова марапатталды. Марапат иелерін құттықтаймыз!
ҚР оқу-ағарту министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі табыс етілді.
05
октябрь
2024
ҚР оқу-ағарту министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі табыс етілді.
Ұстаздар мерекесі күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі М.С.Тажиеваға жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін ҚР оқу-ағарту министрлігінің "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі табыс етілді. Әр баланың жүрегіне жол таба білген, оқу мен тәрбиені қатар қойып, білім шыңынан көрінген әріптесімізді мақтан тұтамыз!
3-4 сынып оқушыларына республика бойынша бір уақытта «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті
03
октябрь
2024
3-4 сынып оқушыларына республика бойынша бір уақытта «Алтын сақа»
3 қазан күні математика пәнінен оқушылардың қызығушылығын арттыру, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру мақсатында 3-4 сынып оқушыларына республика бойынша бір уақытта «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма
«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
01
октябрь
2024
«Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
1 қазан күні математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру мақсатында республика бойынша бір уақытта «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма