07
сентябрь
2024
Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі
2024 жылдың 7 қыркүйегінде білім алушылардың қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында оқушылар арасында өткен Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне мектеп командасы, команда мүшелері Қаирбек А, Елчибекова А, Бекбосын А қатысып, облыстық "Дарын" орталығының Сертификаттарымен марапатталып, жетекшісі тарих пәні мұғалімі У.Ж.Омароваға Алғыс хат табысталды. #abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма

