15
ноябрь
2024
"ЕҢБЕГІ АДАЛ-ЖАС ӨРЕН" ЖОБАСЫ
⚜️"ЕҢБЕГІ АДАЛ-ЖАС ӨРЕН" ЖОБАСЫ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал–жас өрен» жобасын іске асыру мақсатында мектебіміздің музыка пәні мұғалімі әрі «Домбыра-Дастан» үйірмесінің жетекшісі Аксакова Балым Макановнаның ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайының «КӘУСАР» халық ұлт- аспаптар оркестрінің домбырашысы, концертмейстер, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ Рыспек Жанбота, «КӘУСАР» халық ұлт-аспаптар оркестрінің домбырашысы Дүйсенов Әмір арнайы шақырылып үйірме оқушыларымен тамаша кездесу өтті. Кездесу барысында үйірме жұмысы таныстырылып, оқушылар үйренген күйлерін орындап берді. Жас домбырашылар қонақтармен сұхбаттасып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Қонақтар балаларға тілектерін білдіре отыра болашаққа бағдар берді. Кездесудің соңғы бөлімінде қонақтар өз өнерлерін паш етті. Оқушылар кездесуден тамаша әсер алды.
#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма