ҚАНАТТЫ ДОСТАР » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2025

ҚАНАТТЫ ДОСТАР

🕊️🦅🕊️ҚАНАТТЫ ДОСТАР
                 
🦜Құстар – табиғаттың керемет тіршілік иелері. Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамның көңіл-күйін көтереді.  Талай сазгерлер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Сонымен қатар, құстар ауыл шаруашылығына да пайдасын тигізеді. Сондықтан да біз оларды қорғауымыз керек.
🦜Осы орайда, мектебіміздің "ШЕБЕР ҚОЛДАР" ҮЙІРМЕСІНІҢ жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларды құстарды қорғау бойынша тәжірибелік жұмысқа тарту, құстарға деген сүйіспеншілікке баулу, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу мақсатында  технология пәні мұғалімдері  НУРАХАТОВ СЕРИКБОЛ СЕРИКОВИЧ және НУРЛАНОВ БАҚЫТНУР САБИТОВИЧ үйірмеге қатысушы оқушылармен жыл құстарына арналған ұялар жасап, ағаштарға орналастырды.
🦜Оқушылар ұя жасап қана қоймай, қанатты достар тіршіліктің бір бөлігі, табиғат жаратылысы, оларға қамқорлық жасау керектігін түсінді.

#abayoblysy #Біртұтас_тәрбие #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жарма #АПҚО_Абай_облысы_Жарма