19
январь
2023
«Біле жүріңіз...» атты оқушылармен әңгіме өтті
Қатысушылар өз-өзін дамыту, қоршаған ортамен жағымды қарым-қатынас құра білу және өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 19-шы қаңтарында педагог-психологі М.М.Ибраимова және әлеуметтік педагог А.Ж Тюлегетаева 8 «А» сынып оқушыларымен «Біле жүріңіз...» атты оқушылармен әңгіме өткізді. Кездесу барысында бірнеше жаттығулар орындалып, жағдаяттар талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, кездесуден жақсы әсер алғандарын айтты.


