15
февраль
2023
География және тарих пәндері бірлестігі апталығы өтті.
Ақпан айының 6-10 күндері аралығында география және тарих пәндері әдістемелік бірлестігі мұғалімдері «Тарих – өткенге сабақ, келешекке – өнеге...» атты тақырыбында апталық өткізді. Пәндік апталық - оқушыларға ел тарихын танып-білуде тарихи тұлғалардың қоғамдағы қызметтерінен үлгі алу, өзіндік ой-пікір қалыптастыру мақсатында жоспарланды. Апталық «Кім көп біледі?» сұрақ –жауап әдісі арқылы фойеде таныстырумен бастау алды. Апталық аясында «Ең үздік бизнес жоспар», «Интеллектуалдық казино» сайысы, «Бақытты ақшаға сатып алуға болады» тақырыбында дебат сабақ, «Лидер истории» атты шығармашылық шаралары ұйымдастырылып, ашық сабақтар өтті. Оқушылардың тарихи танымын, пәнге деген қызығушылығы мен білімдерін арттыру мақсатындағы ашық сабақтар ерекше жаңашылдықпен, үлкен талпыныспен өткізіліп, оң бағасын алды. Бүгінгі күн – ертең тарих. Сондықтан да тағылымы мол тарихты тереңнен қазған апталықтың оқушыларға берер өнегесі мен тәрбиесі мол болды






