«Ауған соғысы – тарихтың қатпар қыртысы» атты тізіліс » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ауған соғысы – тарихтың қатпар қыртысы» атты тізіліс
15
февраль
2023

«Ауған соғысы – тарихтың қатпар қыртысы» атты тізіліс

Кеңес  әскерлерінің Ауғанстан жерінен  шығарылғанына 34 жыл  толуына  орай, «Маяковский атындағы  орта  мектебі» КММ-де 15 ақпан күні ұжым мүшелері мен оқушыларға  «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты тізіліс өткізілді. Тізіліс ҚР ән ұранымен басталып, мектеп директоры Н.М.Садыкова сөз сөйледі. Ауғанстан соғысы жайлы жүрек жарды өлең жолдары оқылып,  «Ауған  соғысы куәгерлері», «Ауғанда қаза болғандарды еске алу» атты бейнероликтер көрсетіліді. Жарма ауданы бойынша Ауғанстан соғысының  куәгерлерінің есімдері  аталып  өтіліп, сондай-ақ, Ауған  жерінде қаза тапқан және бейбіт өмірде көз жұмғандарды еске алуда 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Тізіліс соңы  9 «А»,  6 «А» «Жас Сарбаз» сыныбы әнімен жалғасты.
Сонымен қатар салтанатты түрде аталған іс-шарада, «Жас Сарбаз» сыныбының офицер-тәрбиешісі, майор Ж.Ж.Қабақов, алғашқы әскери дайындық мұғалімі М.М.Квач және мектеп директоры М.Н. Садыкова мектеп оқушыларына әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлігін тапсырды.