21
февраль
2023
Дауыстап оқу пайдалы!
#дауыстапоқу Дауыстап оқу пайдалы! Ғалымдар ата-аналарына кішкентай кезінен бастап кітапты дауыстап оқитын балалардың сөйлеу дағдылары жақсы болатынын, сауатты жазатындығын және ақпаратты тез сіңіретіндігін көрсетті. «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ кітапханашылары Г.Д.Косаева мен Г.А.Бедиярова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында екінші жыл қатарынан Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орай бастауыш, орта, жоғары сыныптар және ұстаздар арасында «Біз дауыстап оқимыз» атты видеотаныстырылым форматында іс-шаралар ұйымдастырды. Дауыстап оқу ойды оңай және дәл айтуды үйренуге мүмкіндік береді, сөздік қорын, ой-өрісін арттыруға, дикцияны, интонацияны, эмоционалды бояуды, жарықтығын, сөйлеу дұрыстығын және оның басқа элементтерін жақсартуға көмектеседі. Міне, сондықтан дауыстап оқу ересектерге де, балаларға да пайдалы.