КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС » «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Абай облысы білім басқармасының
Жарма ауданы білім бөлімінің
"Маяковский атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8-723-47-65354
Есепші бөлімі:
8-723-47-65809
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
август
2025

КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

📌КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС 

✅Мектебімізде 2025 жылдың 29 тамыз күні  2025-2026 оқу жылының "Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары" тақырыбында кезекті #1 педагогикалық кеңес өтті.  
✅МАҚСАТЫ: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау. 
✅Күн тәртібінде негізгі үш сұрақ басшылыққа алынды:
1.  Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы.
2.  Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы.
3.  Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.                   
✅Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Тамыз конференциясының пленарлық отырысында көтерген мәселелер бойынша бейнеролик көрсетілді.Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары, 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалары, мектептің оқу жұмыс жоспары, педагогтердің оқу жүктемесі (тарификация), мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңестің жұмыс жоспары, әдістемелік кеңес жоспары, санитарлық нормалардың сақталуы, білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, инклюзивті ортаны ұйымдастыру,  мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері, мектептің жұмыс кестесі таныстырылып, бірауыздан шешім шығарылып, қабылданды. 
#Педкеңес2025