12
сентябрь
2025
ОТБАСЫ КҮНІ «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
✨ОТБАСЫ КҮНІ
🌟«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
⚜️Мектебімізде Отбасы күніне орай ерекше форматтағы «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» атты интеллектуалды ойын жоғары деңгейде өтті.
⚜️Шараға 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарынан құралған командалар белсене қатысты.
⚜️Сайыстың басты мақсаты — отбасы мүшелері арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, бірлесе жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, сонымен қатар ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты күшейту.
⚜️Командалар бірнеше бөлімнен тұратын қызықты тапсырмалар мен сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Қатысушылар ұйымшылдық пен белсенділіктің тамаша үлгісін көрсете білді.
⚜️Сайыс соңында ерекше көзге түскен топтарға төмендегі номинациялар бойынша марапаттар табысталды:
💥«ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ»— бас жүлде;
💥«ЕҢ ТАПҚЫР»,
💥«ЕҢ АЛҒЫР»,
💥«ЕҢ БІЛІМПАЗ».
⚜️Шара барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы мен мектеп ынтымақтастығының маңызын тағы бір мәрте айқындады.