12
сентябрь
2025
ОТБАСЫ КҮНІ 6"В" сынып оқушысы Бедиярова Мариам
⚜️ОТБАСЫ КҮНІ
✅ Мектебіміздің 6"В" сынып оқушысы Бедиярова Мариам ОТБАСЫ КҮНІНЕ арналған шара барысында өзінің апасы Бедиярова Гүлнардың мамандығы – кітапханашы қызметінің маңыздылығы жайлы әсерлі баяндама жасады.
✅Мариам апасының кітапхана саласындағы еңбегін зор құрметпен айтып өтті. Ол кітапханашының тек кітап берумен шектелмейтін, керісінше, оқырман мен білімді байланыстырушы, жас ұрпақтың рухани дамуына жол көрсетуші екенін атап өтті.
✅Гүлнар апасы — мәдениет пен білімнің алтын көпірі саналатын кітапхананың тыныс-тіршілігіне жан беріп жүрген жанашыр маман. Ол балалар мен ересектерге кітап таңдауда көмектесіп, түрлі әдеби іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
✅Бұл насихат оқушылардың тек отбасына ғана емес, қоғамдағы әр мамандыққа деген құрметін арттырып, кітапқа деген қызығушылығын оятуға үлкен үлес қосты.